Қоғам

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған үшінші адамның кім екені белгілі болды

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы автовокзалындағы жағдай
Алматы автовокзалындағы жағдай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
24 наурызда Қырғызстаннан келген Қордай ауданының тұрғыны осы уақытқа дейін карантиндік стационарда жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысында індетке шалдыққан үшінші науқас Қордай ауданының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Қыз жуырда Қырғызстаннан келген.

Жамбыл облысында үшінші науқас 27 наурызда тіркелді. Осы уақытқа дейін ол дәрігерлердің бақылауында болған.

Қыз шекарадан өткеннен кейін бірден карантиндік стационарға жатқызылған, деп хабарлайды coronavirus2020.kz порталы.

Оның вирус жұқтырғаны зертханалық зерттеу жүргізілгеннен кейін мәлім болды.

Қазір пациент инфекциялық стационарға ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы тұрақты. Дене қызуы көтерілмеген. Аурудың басқа да белгілері байқалмайды. Коронавирус инфекциясын емдеу бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны артты

Сонымен қатар, пациентпен байланыста болған адамдар анықталып, карантинге алынды. Олардың анализі әзірге дайын емес.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған алғашқы науқас 25 наурызда тіркелді. Ол Шу ауданының 29 жастағы тұрғыны. Жүргізуші болып істейді. 23 наурызда Қырғызстаннан келген.

Ал 26 наурыз кешке Жамбыл облысында тағы бір адамның індетке шалдыққаны анықталды.

Жаңалықтар
0