Қоғам

Қазақстанда індет салдарынан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі әзірленіп жатыр

© Sputnik / Дәурен Ерболат"Қараөткел" мұсылман зираты
Қараөткел мұсылман зираты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы мәселеге байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен православие шіркеуі тиісті пәтуа мен ескертулер әзірлеген

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирустан көз жұмған адамдарды жерлеу ережесі әзірленіп жатыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін кешке немесе ертең таңертең бас санитарлық дәрігердің ресми қаулысы шығады. Ол жерде қатаң сақталуы тиіс талаптар көрсетіледі", – деді Абаев онлайн брифингте. 

Айтуынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен православие шіркеуі тиісті пәтуа мен ескертулер әзірлеген.

26 наурызда астана ауруханасында Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясынан қайтыс болды.

Марқұм 13-17 наурыз аралығында Алматы мен Шу қаласында қонақта болған. Шетелге шықпаған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирустан жазылған екі адам ауруханадан шықты

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, өлім себебі – екі жақты пневмония, тыныс алудың қиындауы, қант диабеті, гипертония және атеросклероз кезіндегі сепсис. Пневмонияға коронавирус себеп болған.

Жаңалықтар
0