Қоғам

Қазақстанда жасы 65-тен асқан адамдардың көшеге шығуы шектелді

© Photo : CC0 / Sabine van ErpЗабота
Забота - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаулыға сәйкес, әуежай, теміржол және автовокзал ғимараттарына жолаушыларды шығарып салушылар мен күтіп алушылардың кіруіне шектеу енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстанда жасы алпыс бестен асқан адамдардың көшеде жүріп-тұруы шектелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Бұл туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысында айтылған. 

"Жасы 65-тен асқан азаматтардың көшеде жүруі шектелсін. Оларға азық-түлік пен дәрі-дәрмек үйлеріне жеткізілсін", делінген құжатта. 

Сонымен қатар, қаулыға сәйкес, әуежай, теміржол және автовокзал ғимараттарына жолаушыларды шығарып салушылар мен күтіп алушылардың кіруіне шектеу енгізілді. 

6 сәуірден бастап барлық орта білім беру ұйымы қашықтан оқытуға көшеді.

Еске сала кетсек, бүгін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылатыны хабарланды. Мұндай шешім төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында қабылданды.

Тағы оқыңыз: Алматыда коронавирустың тағы бес ошағы анықталды

 

Жаңалықтар
0