Қоғам

Нұр-Сұлтанда коронавирустан көз жұмған әйел оңтүстікте қонақта болған

© Photo : Международный аэропорт Алматы/FacebookВ Международном аэропорту Алматы по-прежнему действуют повышенные меры для недопущения распространения коронавируса
В Международном аэропорту Алматы по-прежнему действуют повышенные меры для недопущения распространения коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Марқұм шетелге шықпаған. Науқаспен байланыста болған адамдар анықталып, оқшауланды, коронавирусқа анализ алынды

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Коронавирус инфекциясынан қайтыс болған Ақмола облысының тұрғыны Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды  

64 жастағы әйел 25 наурыз таңғы сағат жетіде ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.

Тыныс алуы қиындап, интоксикация синдромы, басқа да аурулардың белгілері байқалған. Алгоритмге сәйкес дәрігерлер оны жеке изоляторға жансақтау бөліміне жатқызған.

"Өлім себебі – екі жақты пневмония, тыныс алудың қиындауы, қант диабеті, гипертониялық ауру және атеросклероз фонындағы сепсис. Пневмонияның себебі – коронавирус", - деді Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов.

Оның айтуынша, марқұм шетелге шықпаған. 13 наурыз бен 17 наурыз аралығында Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған.

"Науқаспен байланыста болған адамдар анықталып, оқшауланды. Коронавирусқа анализ алынды. Қажетті эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Бүгін әйелді жерлеу рәсімінен кейін марқұмның үйі толығымен зарарсыздандырылады. Дезинфекция жұмыстарын Нұр-Сұлтан қаласының ұлттық сараптама орталығы жүргізеді.

Еске сала кетсек, елорда іргесіндегі Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны кеше, 26 наурызда қайтыс болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның жақындарына көңіл айтты.

Жаңалықтар
0