Қоғам

Алматыда тағы екі адам коронавирус жұқтырды

© Sputnik / Тимур БатыршинДезинфекция улиц в Алматы
Дезинфекция улиц в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Барлығы Қазақстан бойынша 137 адам COVID-19 жұқтырды. Нұр-Сұлтанда 69 адам, Алматыда 50 адам ауруға шалдықты

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз - Sputnik. Алматыда тағы екі адам коронавирус жұқтырды. Мегаполисте барлығы 50 жағдай тіркелді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. 

Барлығы елде 137 адам коронавирус жұқтырды. Нұр-Сұлтанда - 69, Алматыда - 50, Қарағандыда - 4, Жамбыл облысында - 3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам тіркелді.

Төрт пациент дерттен айықты. 26 наурыз күні таңертең бір адам коронавирустан көз жұмды. Ол астана іргесіндегі Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны. 

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда тағы 9 адамнан коронавирус табылды

16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай жарияланды. Режим отыз тәулікке созылады. Ал астана мен Алматы карантинге жабылды.

Жаңалықтар
0