Өңірлер

Қордайдағы қақтығыс: өртенген үйлер демеушілер есебінен қалпына келтіріледі

© Sputnik / Тимур БатыршинМасанчи после беспорядков
Масанчи после беспорядков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Масанчи, Бұлар батыр, Ауқатты және Қарасу ауылдарында барлығы 40 тұрғын үй, 20 коммерциялық нысан және бес шаруашылық ғимарат өртеніп кетті

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Алдағы күндері Қордай ауданында осы жылдың ақпанындағы тәртіпсіздіктер кезінде зақымданған үйлер мен ғимараттар қалпына келтіріле бастайды.

Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Масанчи, Бұлар батыр, Ауқатты және Қарасу ауылдарында барлығы 40 тұрғын үй, 20 коммерциялық нысан және бес шаруашылық ғимарат өртенген.

"Барлық жұмыс "Щивон" қайырымдылық қоры жинаған демеушілер қаражаты есебінен атқарылады", - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Қазір өрт кезінде үйлеріне зақым келген 39 отбасыға облыстық резервтен жалпы сомасы 20,6 миллион теңге (46,3 мың доллар) қаражат бөлді.

Сондай-ақ, тұрғын жайларды қалпына келтіру үшін мемлекеттік материалдық резервтен 26 тонна арматура, 16 750 шаршы метр шатыр материалы, 400 текше метр ағаш берілді.

Жеңіл-желпі зақымданған үйлер демеушілік қаражат есебінен қалпына келтірілді. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуге арналған қайырымдылық қорларының шотына 22,5 миллион теңге (50,8 мың доллар) түсті.

Оқи отырыңыз: Сапарбаев Қордайдағы оқиғадан кейін мектеп директорларына шүйлікті  

Сонымен қатар, қайтыс болған азаматтардың отбасына асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төленеді. Қаза болғандардың отбасылары жалпы сомасы 8,2 миллион теңгеден (18,4 мың доллар) астам демеушілік көмек алды.   

11 ақпаннан 20 наурызға дейін зардап шеккен отбасыларға 121,6 тонна гуманитарлық көмек көрсетілді, оның ішінде азық-түлік, дәрі-дәрмек, ыдыс-аяқ, гигиеналық және басқа да қажетті құралдар бар.

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік

Жамбыл облысының Қордай ауданында 7 ақпанға қараған түні жаппай төбелес болды. Қайғылы оқиға салдарынан он адам қаза болды.

Өртеніп кеткен ғимараттың қоқысын тазалағаннан кейін тағы бір адамның денесі табылды.

Өрттің салдарынан тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандар, сондай-ақ автокөліктер бүлінді.

Кейіннен 120-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатқандығы белгілі болды. 50-ге жуық адам ұсталды.

1 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Жаңалықтар
0