Қоғам

Қарағандыда тағы 2 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

© Sputnik / Владислав ВодневПробирка с коронавирусом 2019-nCoV
Пробирка с коронавирусом 2019-nCoV - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда тағы екі адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, науқастардың жалпы саны 111 адамға жетті   

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Қарағандыда тағы 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. 

Осылайша індетке шалдыққандардың саны 111 адамға жетті.   

"Нұр-Сұлтан қаласында - 61, Алматы қаласында – 40, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, жалпы 111 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болғанын мәлімдеген болатын. 

Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды 

16 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Ал 19 наурыздан астана мен Алматы карантинге жабылды. 

Жаңалықтар
0