Өңірлер

Солтүстікте алаяқтар жоқ бетперделерді "сатты"

© REUTERS / ANTONIO BRONICЗащитные маски
Защитные маски  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер алаяқтарды іздестіруге кірісті

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Петропавл қаласында кәсіпкерді алдап кеткен алаяқтарды іздестіріп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, полицияға 1987 жылы туған жеке кәсіпкер арыз түсірді. Оны интернет арқылы алдап кеткен. 

"Сұлулық салонына арналған өнімдерді сатумен айналысатын азамат Instagram желісі арқылы 7 мың дана медициналық маска сатып алмақ болған. Сол үшін 400 мың теңгені банк картасынан "өнім берушінің" есеп-шотына аударады. Ал ақшаны алған "сатушы" кері байланысқа шықпай қойған", - дейді криминалды полиция басқарамасының басшысы Петр Климов. 

Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлімі 4-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер алаяқтарды іздестіруге кірісті.  

"Ақпараттық жүйелердің көмегімен зат сатып алған кезде белгісіз адамдарға сенбеу керек. Әлеуметтік желілерде тіркелген интернет-дүкендерде шот тарихын, тіркелген күнін қарап, жарияланған жазбалардың саны мен мазмұнын зерттеу керек. Өзіне дейінгі тапсырыстардың жеткізілгені туралы өзгелердің пікірін саралау қажет", – деп атап көрсетті Климов.

Тағы оқыңыз: "Павлодар жабылады": полиция WhatsApp-та тараған ақпарат туралы айтты

Жаңалықтар
0