НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Қазақстанда тағы жеті адам тапсырған сынама COVID-19 жұқтырғанын көрсетті, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті.
26 наурыз сағат 08:05-те бес адамның коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Елордада үш, Алматыда екі жағдай тіркелгені хабарланған болатын.
Кейін 08:25-те астанада тағы екі адам жұқтырғаны айтылды. Соңғы мәліметке сәйкес, 88 адамда COVID-19 анықталды:
- астанада – 46 адам,
- Алматыда – 34,
- Қарағандыда - екі жағдай,
- Алматы облысында - 1,
- Ақтөбе облысында - 1 адам,
- Шымкентте - 2 адам,
- Жамбыл облысында - бір жағдай,
- Солтүстік Қазақстанда - 1 адам.
Еске сала кетсек, елде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол сәуірдің 15-не дейін жалғасады.
Кеше, 25 наурыз күні Тоқаев коронавирус жағдайы биліктің бақылауында екенін айтты.