Қоғам

Кореяда сотталған қазақстандықтың жазасы өзгерді

© AP Photo / Michael ProbstКісен, архивтегі сурет
Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан азаматының қорғаушылары жеті күн ішінде Оңтүстік Кореяның жоғарғы сотына апелляцияға бере алады

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткені үшін сотталған қазақстандық Сырым Шәрібектің жаза мерзімі екі жылға дейін қысқарды. Бұған қоса, оған түзеу жұмыстары қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Чангвон қаласында былтыр қыркүйекте баланы қағып кеткені үшін сотталған Қазақстан азаматы Сырым Шәрібектің ісі бойынша апелляциялық соттың отырысы өтті.

"Тыңдау барысында сот бұрын шығарылған үкімді (2 жыл 6 ай) тым қатаң деп санап, бас бостандығынан айыру мерзімін түзеу жұмыстарымен қоса алғанда 2 жылға дейін қысқарту туралы шешім қабылдады", -делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қорғау тарапының Кореяның Жоғарғы сотына жеті күн ішінде аппеляцияға беру құқығы бар.

Осы уақыт бойы Шәрібек тергеу изоляторында болады, ал апелляция болмаған жағдайда, Чангвон қаласының түрмесіне ауыстырылады.

Тағы оқыңыз: Кореяда қонақүйде мауқын басқысы келгендер бүкіл әлемге масқара болды

Жазаны өтеу мерзімі ұсталған сәттен, яғни 2019 жылғы 14 қазаннан бастап есептеледі.

Осылайша, жазаның жалпы мерзімі 1 жыл 6 айды құрайды.

"Отандасымыздың жағдайы жақсы, ешқандай шағымы жоқ", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Оңтүстік Кореядағы жол апаты

Оқиға өткен жылдың 16 қыркүйегінде болды. Чханвонда 20 жастағы қазақстандық дүкеннен шығып, үйіне бара жатқан 7 жасар баланы қағып кеткен. Салдарынан баланың басына қан құйылды. Ал жас жігіттің көлігі оқиға орнынан бірнеше шақырым жерден табылды.

Жергілікті полиция күдіктінің келесі күні Инчхон әуежайынан ұшып шыққанын хабарлады. Кейінірек қазақстандықтың Павлодарда жүргені анықталды.

Тағы оқыңыз: Оңтүстік Кореяда 28 жастағы қазақстандық әйел өлі табылды

14 қазанда Қазақстан азаматы өз еркімен Сеулге барды. Белгілі болғандай, отандасымыз Кореяда заңсыз жүрген, жүргізуші куәлігі де болмаған.

Жаңалықтар
0