Қоғам

Елімізде 4 млн бетперде мен 13 мың литр антисептик тәркіленді

© Sputnik / Владислав ВодневСтопка защитных масок
Стопка защитных масок - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен жеті облыста бетперде мен антисептикті заңсыз сату фактілері анықталған

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдай жарияланғалы бері елде төрт миллион бетперде мен он үш мың литр антисептик тәркіленді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр барлық өңірде прокуратура, полиция және мемлекеттік кірістер комитетінің өкідерінен құралған мобильді топтар жұмыс істеп жатқанын айтты. Олар медициналық маскалар мен антисептиктерді рұқсатсыз жоғары бағамен сату деректерін анықтауда.

"Төтенше жағдай басталғаннан бері Қылмыстық кодекстің 214-бабы бойынша 15 тергеу амалы басталды. Мұндай деректер астана мен Алматы қаласында, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында анықталған", - деді Абаев онлайн-брифингте.

Елордада және Ақтөбе облысында бетперде және антисептикті заңсыз сатқан қырық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Осы әкімшілік және қылмыстық істер бойынша төрт миллион маска мен он үш мың литр антисептик тәркіленді", - деді ол.

Қазір тәркіленген дүниелер денсаулық сақтау мекемелеріне беріліп жатыр.

Жаңалықтар
0