Әлем

Сәбиге Корона деген есім қойылды

© Photo : PexelsНоворожденный
Новорожденный - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баланың ағасы коронавирус өте қауіпті, бірақ адамдардың бір жағадан бас, бір жеңген қол шығаруына жағдай жасағанын айтады. Салауатты өмір салтын ұстануға итермелегенін алға тартты

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз - Sputnik. Үндістанның Уттар Прадеш штатында сәбиді коронавирус құрметіне атады. Қызға Корона есімі берілді, деп хабарлайды Dessan Herald.

Қыздың ағасы Нитеш Трипатидің айтуынша, коронавирус өте қауіпті, бірақ адамдардың бір жағадан бас, бір жеңген қол шығаруына жағдай жасаған. Салауатты өмір салтын ұстануға итермелегенін алға тартты. Ол қазіргі уақытта дүрбелең туғызбай, дәрігерлердің кеңесіне құлақ асу керек екенін айтып отыр. 

"Сәби адамдардың вируспен күресінің символы болады", - деді ол.

Корона бұл өңірде коменданттық сағаттың енгізілуіне бірер сағат қалғанда дүниеге келген.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 2019 жылы балаға ең көп қойылған есімдер белгілі болды

Еске сала кетсек, Қытайдағы жаңа вирус туралы өткен жылдың желтоқсан айында белгілі болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп, оған COVID-19 ресми атауын берді.

Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 79 адам коронавирус жұқтырған.

Жаңалықтар
0