Қоғам

Төтенше жағдай кезінде жәрдемақы кімге және қалай төленеді

© Sputnik / Владислав ВодневТеңге, ақша
Теңге, ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік төлем төтенше жағдай режиміне байланысты жалақысыз еңбек демалысына шыққан жұмысшыларға төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдай кезінде жәрдемақы ақысы төленбейтін еңбек демалысына шығуға мәжбүр болған жұмыс істейтін қазақстандықтарға төленеді.

Бір жұмысшы үшін әлеуметтік төлемнің мөлшері 1 ең төменгі жалақыға немесе айына 42,5 мың теңгеге тең.

Төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Жәрдемақы алудың шарттары:

  • әлеуметтік төлем төтенше жағдайға байланысты жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына шыққан жұмысшыларға төленеді;
  • төтенше жағдай енгізілген датаға дейінгі соңғы 12 айдың кемінде үш айында жұмысшы үшін МӘСҚ-ға аударым жасалуы тиіс;
  • әлеуметтік төлем тек орта, шағын және микробизнес жұмысшыларына ғана қатысты.

Жәрдемақы үшін қайда жүгіну керек

"Жаңа әлеуметтік төлемді тағайындау үшін жұмыс беруші  жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті органға жүгінуі тиіс. Өзімен бірге төтенше жағдайға байланысты жұмысшыларының табысынан айырылғанын растайтын құжаттары болуы керек", - деді Абаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қазақстандықтарды қайғыға салынбауға шақырды

Жұмыс берушілердің өтінімі негізінде халықты жұмыспен қамту жөніндегі аудандық штаб жұмыс берушіге әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдайды.

Әлеуметтік төлем жұмысшыға төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін төленеді.

Жұмыстан шығып қалғандар не істейді

Жұмыстан шығарылған қазақстандықтар жұмыстан айырылуына байланысты бір айдан алты айға дейін әлеуметтік төлем алады. Төлем соңғы 24 айдың ішіндегі табыс пен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.

Жұмыссыз қалған азаматқа мемлекеттік қордан жоғалтқан табысының 40% көлемінде жәрдемақы төленеді.

Ол үшін халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелу үшін және жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға өтініш беру керек. Төлем автоматты түрде іске асырылады.

Тағы оқыңыз: Коронавирус қаупі: әлемде не болып жатыр?

Егер азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп қойса, әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті "электронды үкімет" веб-порталы арқылы беруге болады.

Жаңалықтар
0