НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
"25 наурыз күні сағат 16:40-та Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы бір оқиғасы тіркелді", - делінген хабарламада.
Сонымен, қазіргі уақытта Қазақстанда 80 адам коронавирус жұқтырды. Елордада - 41, Алматыда -31, Қарағандыда - 2, Шымкентте - 2, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында 1 жағдайдан тіркелді.