АЛМАТЫ, 25 наурыз – Sputnik. Алматыда көлікті жалға алған жүргізуші жол апатына ұшырады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдары.
Жол апаты "Қалқаман-2" шағын ауданында Байзақ батыр және Тыныбаев көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлер мен "Лада Приора" жүргізушісінің айтуынша, каршеринг (көлікті жалға беру) қызметіне тиесілі Volkswagen Polo Тыныбаев көшесінде келе жатқан.
Оқи отырыңыз: Алматыда карантин енгізілгеннен кейін жол апаты азайды
Polo солға бұрылған кезде бар жылдамдықпен жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Жүргізуші рөлді бұрып, "Ладаға" соқтығысқан, содан кейін жеке тұрғын үйдің металл қоршауын бұзып, аулаға ұшып түсіп, жолындағы ағашты құлатқан, содан соң басқа үйдің бетон қоршауын соққан.
Апат салдарынан екі адам зардап шекті – Volkswagen Polo жүргізушісі мен жолаушысы. Олар көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді.