АЛМАТЫ, 23 наурыз –Sputnik. Алматы қаласында тағы бір адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 61 адамға жетті. Алматы қаласында 26 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Қарағанды каласында 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1 адам тіркелді.
Қазақстанда 16 наурызда төтенше жағдай режимі енгізілді, ол отыз күнге жалғасады. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылды.