Әлем

Қытайда коронавирус жұқтырғандардың 90 процентке жуығы сауығып шықты

© AP Photo / Vincent ThianДевушка в защитной маске
Девушка в защитной маске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде елдің мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті індеттің беті қайта бастағанын ресми түрде хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. Қытайда коронавирустың жаңа түрімен ауыратындардың саны күн сайын азайып келеді. Қазіргі уақытта ауруханаларда 5 120 адам қалып отыр, ал вирусты жұқтырғандардың 90%-ке жуығы сауығып шықты, деп хабарлайды Қытай мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің ақпаратына сүйенген РИА жаңалықтары.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қытайда коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 81 093-ке жетті, оның ішінде 72 703-і емделіп, ауруханадан шығарылды. Бұл жалпы көрсеткіштің 89,65%-ін құрайды.

Эпидемия басталғаннан бері Хубэй провинциясын қоспағанда, бүкіл Қытай бойынша 13 293 адам коронавирус жұқтырған, оның 117-і көз жұмды. Адам өлімі 0,88%-ті құрады. Ал аурудың ошағы - Хубэй провинциясында 67 800 жұқтыру оқиғасы анықталды. 3 153 адам қайтыс болып, өлім деңгейі 4,65% болды.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер коронавирус жұқтырған 2 жасар баланың жағдайы туралы айтты

Хубэй провинциясының Ухань қаласында өлім деңгейі 5%-ке жетті. Жалпы, Қытайда індет 3 270 адамның өмірін қиған, ел бойынша өлім деңгейі 4%.

2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына елдің орталық бөлігіндегі Ухань қаласында (Хубэй провинциясы) белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабарлады. Мамандар аурудың қоздырғышы жаңа коронавирус екенін анықтап, кейін ол ресми түрде COVID-19 деп аталды.

ДДҰ 11 наурызда әлемде жаңа коронавирус пандемиясын жариялады. ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті 12 наурызда елде індеттің беті қайта бастады деп хабарлады.

Жаңалықтар
0