Қоғам

Алматыда коронавирус табылған екі адам ауруды Қазақстанда жұқтырған

© Sputnik / Тимур БатыршинПолиция и Нацгвардия заблокировала жителей 5 домов в Алматы из-за карантина
Полиция и Нацгвардия заблокировала жителей 5 домов в Алматы из-за карантина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус жұқтырған 25 адам ауруханада жатыр, олардың екеуінің жағдайы орташа, қалғандарының денсаулығы бірқалыпты

АЛМАТЫ, 23 наурыз –Sputnik. Алматы қаласында коронавирус табылған соңғы екі адамның инфекцияны Қазақстанда жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

"Екі пациент бұған дейін осы індетті жұқтырған жандармен байланыста болған. Олардың бәрі стационарда карантинде жатты. Коронавирус инфекциясын анықтау және емдеу хаттамасына сәйкес ем-дом шаралары басталды. Екі науқастың да жағдайы қанағаттанарлық", - деді Әбілдаев.

Қазір Алматы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 22 адам, ал балалар жұқпалы аурулар ауруханасында екі бала және бір әйел емделуде.

Екі науқастың жағдайы орташа деп бағаланып отыр, қалған науқастардың денсаулығы қалыпты.

Қала бойынша провизорлық карантинде 660 азамат, ал үй карантинінде 1472 адам бар.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстан бойынша коронавирус 60 адамда анықталды. Алматы қаласында 25 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Қарағанды каласында 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1 адам тіркелді.

Тағы оқыңыз: Ақтөбеде 68 адам карантинге жабылды

Қазақстанда 16 наурызда төтенше жағдай жарияланды. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылды.

Жаңалықтар
0