Қоғам

Абаев төтенше жағдайдың мерзіміне қатысты ойын айтты

© REUTERS / ANTONIO BRONICЗащитные маски
Защитные маски  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр Қазақстан коронавирусты жұқтырудың шыңынан өтпегенін айтты. Вирусты жұқтыру әлі де тіркеліп, содан кейін азая бастайды

АЛМАТЫ, 23 наурыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елде төтенше жағдай қай уақытқа дейін жалғасады деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазір біз бұл сұраққа нақты жауап бере алмайтынымызды мойындау керек. Дәрігерлердің нұсқамасын неғұрлым дәл және нақты ұстанатын болсақ, соған сай бәрі тезірек аяқталады", - деді министр.

Сондай-ақ, Дәурен Абаев Қазақстан коронавирусты жұқтырудың шыңынан әлі өтпегенін айтты. Вирусты жұқтыру әлі де тіркеліп, содан кейін азая бастайды.

"Бір ай ішінде деп үміттенеміз", - деп толықтырды министр.

Сонымен қатар Абаев коронавирусты анықтайтын тестке байланысты сауалдарға жауап берді.

"Қазір Қазақстанда 60 мың тест бар. Жақын арада тағы да 15 0мың тест келеді. Келісімшарт жасалып жатыр. Тағы да 100 мың тест демеушілердің қаржысына алынады. Бұл тест тұрғындар үшін тегін жүргізілетін болады", - деді министр.

Сондай-ақ, Ұлттық сараптама орталығы қолданатын тесттің сапасына да тоқталды.

"Ғаламторда біз сапасыз немесе сапасы төмен тест сатып алып жатыр деген ақпарат тарады. Ұлттық сараптама орталығы Қытайда өндірілген тесті пайдаланады. Ол коронавирус инфекциясын тез анықтай алады. Мұны Қытайдың тәжірибесі көрсетті", - деді Абаев.

Тағы оқыңыз: "Айыптаудың реті жоқ": министр жұртты мазалаған сауалға жауап берді

Айта кетейік,  23 наурыздан бастап Қазақстандағы коронавирус жайлы ақпаратты ақпарат және қоғамдық даму министрі хабарлайтын болады. Ал жергілікті атқарушы органдар БАҚ-пен бұрынғы режимде жұмыс істейді.

Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 62 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 32 адам, Алматы қаласында 26 адам, Қарағанды каласында 2 адам, Алматыоблысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1 адам тіркелді.

Жаңалықтар
0