НҰР-СҰЛТАН, 22 мар — Sputnik. Алматы қаласында тағы бір адам коронавирус жұқтырды.
"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта жалпы 59 науқас тіркелді", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында,
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31, Алматы қаласында 24, Қарағанды қаласында 2, Алматы облысында 1, Ақтөбе облысында 1 адам індетті жұқтырды.
Коронавирус эпидемиясы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол отыз тәулікке жалғасады. 19 наурызда Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылды.
Карантин енгізілуіне байланысты ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды.