НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Алматыда тағы бір пациентте "коронавирус инфекциясы" диагнозы расталды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі тауарлар және қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті.
"22 наурыз сағат 13.00-дегі жағдай бойынша Алматыда тағы бір адам тіркелді. Бүгінгі таңда елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 57 адамға жетіп отыр", делінген хабарламада.
Індетке шалдыққан пациент – 1992 жылғы қыз. Ол стационарда карантинде жатқан науқаспен жақын байланыста болған. Науқас 15 наурызда Стамбул-Алматы рейсімен ұшып келген.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған бір науқас ауыр жағдайда жатыр
Қазір барлығы Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 23, Қарағандыда - 2, Алматы облысында - 1 адам.