Қоғам

Алматыға айналма жолмен алып кетуге уәде берген жүргізушілер ұсталды

© Sputnik / Владислав ВодневВодителей транзитных автомобилей просят заполнить анкету
Водителей транзитных автомобилей просят заполнить анкету  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ұсталғандарға айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Алматы полициясы блок бекетті айналып өтуге уәде берген жеке көлік жүргізушілерін ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Полицейлер қаланың батыс жағында орналасқан № 20 блок бекетінде бес ер адамды ұстады, олар азаматтарға ақшасын берген жағдайда бекеттен айналып өтіп, қалаға алып кетуге уәде берген.

"Олар адам басына 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін сұраған. Ер адамдар ұсталып, Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы "Төтенше жағдайды бұзу" бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен аталған адамдарға айыппұл салынды", – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының басшысы Дидар Аханов.

Осыған байланысты, Алматы полиция департаменті тағы бір рет азаматтарды заңға бағынуға және кедергілерден өтудің заңсыз жолдарын іздемеуге шақырды.

Жол жабылды: Нұр-Сұлтан мен Алматыға карантин кезінде кімдер кіре алады

"Бұл әрекеттер пайдасыз және нәтиже бермейді. Төтенше жағдай кезінде оңай ақша тапқысы келетіндерге жауапкершілікті ұмытпау қажеттігін ескертемін. Мұндай фактілер бірден тоқтатылады", – деді Аханов.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 57 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 23, Қарағандыда - 2, Алматы облысында - 1 адам.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды. 22 наурыздан бастап бұл қалаларға кіріп-шығуға тыйым салынды.


 

Жаңалықтар
0