Саясат

Тоқаев Лавровты "Барыс" орденімен марапаттады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуРесей сыртқы істер министрі Сергей Лавров, архивтегі сурет
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Барыс" ордені Лавровқа Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты ынтымақтастық және стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан үлесі үшін табысталды

НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровты "Барыс" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.

Орден Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты ынтымақтастық және стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

"Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Викторович Лавров І дәрежелі "Барыс" орденімен наградталсын", -делінген хабарламада.   

Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

Айта кетсек, Тоқаев пен Лавров әртүрлі жылдары бір университетте – Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында оқыған. Екеуі де саяси карьерасында елші, министр және дипломатиялық қызметкер қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0