Қоғам

Назарбаев: Мерекелік көңіл-күйге бөленуге ештеңе кедергі бола алмайды

© Sputnik / Владислав ВодневНурсултан Назарбаев
Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұңғыш президент биыл Қазақстан Наурызды бірінші рет мерекелік жиындар мен салтанатты іс-шараларсыз атап өтіп жатқанын еске салды

НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

"Құрметті отандастар! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Біз осы жарқын мейрамды әрдайым асыға күтеміз.Бұл – тіршілік атаулы жанданып, жер-дүние жаңаратын кезең", - делінген Елбасы сайтындағы хабарламада.

Тұңғыш президент биыл Қазақстан Наурызды бірінші рет мерекелік жиындар мен салтанатты іс-шараларсыз атап өтіп жатқанын еске салды. Оның өзіндік себебі бар.

"Бүкіл дүниеге тараған вирус қаупіне тап болдық. Бірақ көктемнің келуі мен мерекелік көңіл-күйге бөленуге ештеңе кедергі бола алмайды. Біз біртұтас халықпыз және елімізді өркендету жолында жұмыла жұмыс істеуге дайынбыз", - деп толықтырды Нұрсұлтан Назарбаев.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады  

Ол еліміздің алдында тұрған барлық сынақтан ауызбірлік пен табандылықтың арқасында сүрінбей өтетінімізге сенімділік білдірді.

"Ұлтты ұйыстырған дәстүрлі мерекеміз баршаның үмітін ақтап, жаңа белестерді бағындыру үшін күш-қуат пен қажымас қайрат әкелсін. Осынау шуақты мейрамда әрбір шаңырақ шаттық пен игілікке толсын", - деп атап өтті Елбасы.

Ол сөз соңында барша халыққа ырыс-ынтымақ, денсаулық пен бақ-береке тіледі.  

Жаңалықтар
0