Саясат

Мамин Мишустинге азаматтарды елге қайтару үшін ерекше режим құруды ұсынды

© Sputnik / Тимур Батыршин"Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы" форумы. Михаил Мишустин (оң жақта) және Асқар Мамин (сол жақта)
Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы форумы. Михаил Мишустин (оң жақта) және Асқар Мамин (сол жақта) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет басшылары коронавирустың таралуына қарсы күреске бағытталған өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында тараптар коронавирусқа байланысты Қазақстан мен Ресейде шетел азаматтарының кіріп-шығуы бойынша енгізілген шектеулерді талқылады, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Мамин екі ел азаматтарына транзитпен отанына оралуды жеңілдету үшін ресейлік әріптесіне қазақстандықтар мен ресейліктер үшін ерекше өзара режим ашуды ұсынды.

Сонымен қатар, Мамин Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповпен, Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылғазиевпен және Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті.

Тағы оқыңыз: Бұл індетке жайбарақат, бей-жай қарауға болмайды – Тоқаев

Үкімет басшылары коронавируспен күрестегі өзара іс-қимыл, соның ішінде азаматтарды отанына қайтару мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, вегетациялық кезеңде су-энергетика саласындағы ынтымақтастық, төтенше жағдай режимі кезінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы жүк тасымалын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қозғады.

Жаңалықтар
0