Қоғам

Коронавирус жұқтырған науқастың Қаскелеңге қайдан келгені белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневЛюди в масках на автовокзале в Нур-Султане
Люди в масках на автовокзале в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1986 жылы туған науқас 18 наурызда Бішкектен Алматы облысындағы Қаскелең қаласына автокөлікпен жолға шыққан

АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Алматы облысының Қаскелең қаласында коронавирус жұқтырған алғашқы науқас тіркелді.

Ол 1986 жылы туған ер адам екені анықталды.

"Науқас 17 наурызда Ыстамбұл – Бішкек рейсімен ұшып келген. 18 наурызда Бішкектен Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қаскелең қаласына автокөлікпен жолға шыққан. Қазір стационарлық ауруханада жатыр, жағдайы қанағаттанарлық", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Коронавирустың он ошағы: Алматы әкімдігі мекенжайды жариялады

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 53 адамға жетті. Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, Алматы облысында бір адам тіркелді.

Коронавирус эпидемиясы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол отыз тәулікке жалғасады. 19 наурызда Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылды.

Азаматтарға екі қалаға кіріп-шығуға 22 наурызға дейін уақыт берілді. Карантин енгізілуіне балйанысты ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды.

Жаңалықтар
0