НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Алматы тұрғыны "коронавирус жұқтырғаным үшін өзіме қол саламын" деп видео түсірген. Полиция жұрттың үрейін алған ер адамнан жауап алды.
Полиция видеоны интернет кеңістікке мониторинг жасау арысында тауып алды, деп хабарлайды polisia.kz.
Видеода ер адам коронавирус жұқтырғаны үшін өз-өзіне қол жұмсайтынын айтқан.
Ер адам видеоны әзіл ретінде достарына арнап түсіргенін айтты. Әлеуметтік желілерге қалай тарап кеткенін білмейді екен.
Д. есімді азамат ақымақтық жасағанын мойындап, барша қазақстандықтан кешірім сұрады.
Полицейлер Алматы тұрғынымен түсіндіру жұмысын жүргізді.
Тағы оқыңыз: Түркістанда үш әйел бүтін бір отбасына коронавирус жұқтырды деп жала жапты
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 49 адам тіркеліп отыр. Олардың ішінде Алматыда – 22, Нұр-Сұлтанда – 25, Қарағандыда – екі.
16 наурыздан бастап республикада төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылады.