Саясат

Өзбекстан президенті Назарбаевқа телефон соқты

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуРабочая поездка В.Путина в Казахстан
Рабочая поездка В.Путина в Казахстан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тараптар қазақ-өзбек ынтымақтастығы мен өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін қозғап, бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті.

"Тараптар коронавирус індетімен байланысты әлемдегі ахуалды талқылады. Олар қос елдің жаһандық эпидемиологиялық апатты еңсеру бойынша қолға алған шараларына өзара қолдау білдірді", - деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тараптар қазақ-өзбек ынтымақтастығы мен өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін қозғады.

Әңгіме соңында Назарбаев пен Мирзиеев бір-бірін ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтады.

Телефон әңгімесіне өзбек тарапы бастамашы болған.

Оқи отырыңыз: Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанда коронавирус эпидемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Режим отыз күнге созылып, 15 сәуірде бір-ақ аяқталады.

Республикада соңғы деректер бойынша 49 адам вирус жұқтырған. Олар астана, Алматы және Қарағанды қалаларында.

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды.

Өзбекстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 33 адамға жетіп отыр.

Жаңалықтар
0