Қоғам

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты

© Sputnik / Владислав ВодневПробирка с коронавирусом 2019-nCoV
Пробирка с коронавирусом 2019-nCoV - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирусқа байланысты отыз күндік карантин енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Елордада тағы жеті адамнан коронавирус табылды. Осылайша, елде инфекцияны жұқтырғандар саны 44 адамға жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, жалпы 44 науқас тіркелді", - делінген денсаулық министрлігінің ресми хабарламасында.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша жеті адамның бәрі - 25-52 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары.

"Осы азаматтар бұған дейін коронавирус анықталған адамдармен жақын байланыста болды. Қазіргі кезде жетеуі де стационарда жатыр. Жағдайлары қанағаттанарлық", - деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Айта кетейік, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирусқа байланысты отыз күндік карантин енгізілді. 22 наурызға дейін қалаға кіруге және шығуға болады. Ал мейрам күні сағат 00:00-ден бастап барлық қатынас тоқтатылады. Екі қалаға көлік те, ұшақ та, пойыз да кірмейді.

Бүгінде Нұр-Сұлтан мен Алматының басшылығы қонаққа келген адамдарға қаладан тезірек шығып кетуге кеңес беріп отыр. Сыртта жүрген қала тұрғындары болса, үйлеріне қайтуы тиіс.

Тағы оқыңыз: "Нұр-Сұлтанға 30 күн бойы кіре алмайсыз": әкімдік мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
0