Қоғам

Қазақстандықтар Омбы әуежайында бөгеліп қалды

© SputnikМедики в аэропорту Нур-Султана
Медики в аэропорту Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдай кезінде енгізілген шектеулерге байланысты Қазақстан азаматтары өз еліне ұша алмай отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан, Петропавл және Павлодарға бет алған қазақстандықтар Омбыдан ұшып шыға алмай отыр, деп хабарлады "Омск здесь".

Қазақстанның 26 азаматы – ​​Вьетнамнан бір күн бұрын келген рейстің жолаушылары. Қазір олар халықаралық рейстерге қызмет көрсететін әуежайдың терминалында күтіп отыр.

"Жолаушылардың арасында 25 ересек адам және бір бала бар. Олар ертең (20 наурызда) Нұр-Сұлтанға соңғы рейспен ұшады. Әуе компаниясының өкілі кешкі ас, таңғы ас және сумен қамтамасыз етті", - деп хабарлады әуежай қызметкерлері.

Қазақстандықтар коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты Қазақстанда төтенше жағдай енгізіліп, көлік қатынасына тыйым салынғаннан кейін Омбыда бөгеліп қалған.

Қазақстандағы төтенше жағдай

Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланды. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды. Қалалардың айналасында көлік қозғалысын шектейтін бақылау-өткізу пункттері қойылды. Ол жерлерде полицейлер, Ұлттық ұлан қызметкерлері, әскерилер мен дәрігерлер қызмет етіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда кейбір азық-түлік түрлері бес келіден артық сатылмайтын болды 

22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыға кіруге тыйым салынады. Тамақ жеткізетін жүк көліктеріне ғана кіруге рұқсат етіледі.

Соңғы мәлімет бойынша, елде 44 адам коронавирус жұқтырды.   Оның 25-і Нұр-Сұлтанда, 19-ы Алматыда.  

Жаңалықтар
0