Қоғам

"Nur Otan" партиясы тұрмысы төмен отбасыларға 150 миллион теңге бөлді

© Sputnik / Абзал КалиевВывеска партии Nyr Otan
Вывеска партии Nyr Otan - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сонымен қатар партияның орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақысын аударады

АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. "Nur Otan" партиясы Нұр-Сұлтан және Алматы қаласындағы жалғызбасты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға көмек көрсету үшін 150 миллион теңге бөлді. Бұл туралы партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Елбасы, "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша "Кедергісіз келешек", "Бақытты отбасы" және "Ардагерлерді ардақтайық" партия жобалары аясында карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қаласындағы жалғызбасты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 миллион теңге бөлінді", – деді Канкуров.

Қаржы екі қалаға теңдей бөлінеді. Сонымен қатар партияның орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақысын аударады.

Канкуров қала әкімдігінің қолдауымен "Nur Otan" партиясының Алматы қаласындағы филиалы "Жаңа Алатау" қорымен бірлесіп арнайы шоттың ашылғанын хабарлады.

"Шотқа елімізде болып жатқан жағдайға бейжай қарамайтын кез келген азамат қаражат аудара алады. Жиналған сомаға медициналық бетперде, антисептикалық құралдар, бірінші кезекте қажетті тауарлар сатып алынады. Партия қызметкерлері мен "Jas Otan" еріктілері оларды ардагерлер мен мүгедектерге, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға үлестіреді", - деді ол.

"Сынақтан абыроймен өтеміз": Назарбаев өз қорынан 200 млн теңге бөлді 

Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус індетімен күресуге Елбасы қорынан 200 миллион теңге бөлген болатын.

Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 16 наурызда елімізде төтенше жағдай жарияланды.

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирусқа байланысты отыз күндік карантин енгізілді. 22 наурызға дейін қалаға әуе және теміржол арқылы ғана кіруге және шығуға болады. Ал мейрам күні сағат 00:00-ден бастап барлық қатынас тоқтатылады. Екі қалаға көлік те, ұшақ та, пойыз да кірмейді.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 44 адамға жетті, Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам тіркелді.

Жаңалықтар
0