НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің промоутерлерінің бірі Эдди Хирн өз клиентінің мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жегін осы жылдың қыркүйегінде өте қоймайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
"Канелоның" Билли Джо Сондерспен келісімі бар, сондықтан енді жекпе-жектердің мерзімі ірі спорттық жарыстарды қашан өткізуді бастайтынына байланысты. "Канело" - Сондерс жекпе-жегі 2 мамырда Синко-де-Майода өтуі керек еді, бірақ қазір біз мұның кейінге қалдырылғанын естіп отырмыз", - деді Хирн Sky Sports Boxing порталына берген сұхбатында.
Оның пікірінше, бокс кештері маусым-шілде айларында қайта басталуы мүмкін. Осы кезеңде Сондерс пен Альварестің жұдырықтасуы үшін барлық мүмкіндік бар.
"Қазіргі үзілістерге қарап отырсақ, Канело мен Головкиннің жекпе-жегін 12 қыркүйектен кейінге шегеру керек", - деп түсіндірді промоутер.
Оқи отырыңыз: Головкинді әлем чемпионы жекпе-жекке шақырды
Еске сала кетейік, бұған дейін Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жектің қаржылық шарттары туралы ауызша келісімге келгені туралы хабарланған еді. Матчтың өтетін уақыты 12 қыркүйекке белгіленді, ал өтетін орны ретінде Арлингтондағы AT&T стадионы (Техас, АҚШ) таңдалған болатын.