Өңірлер

Алматыда тағы үш тұрғын үй карантинге жабылды

© Sputnik / Александр МирогловПервый очаг в городе Алматы, подвергнувшийся полному карантину: ЖК "Сункар"
Первый очаг в городе Алматы, подвергнувшийся полному карантину: ЖК Сункар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласында "Сұңқар" тұрғын үй кешенінен бөлек Медеу ауданында тағы үш тұрғын үй карантинге жабылды

АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Алматыда коронавирусқа байланысты тағы үш көп қабатты үй карантинге жабылды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Кеше қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Алматы қаласында коронавирусты жұқтыру ошақтары бар екенін айтқан болатын.

"Басты міндет – ауруды жұқтыру тізбегін бұзу, карантин режимін сақтау, вирустың қалада таралуына және оның басқа өңірлерге шығуына жол бермеу", - деді Бабақұмаров.

Таңертең "Сұңқар" тұрғын үй кешеніне карантин енгізілгені хабарланды. Біраз уақыттан кейін әлеуметтік желіде он бір көп қабатты үйде коронавирус жұқтырған адамдар тұрады деген ақпарат тарады. Ішінде коронавирус ошағы болып саналатын төрт тұрғын үй бар.

Оқи отырыңыз: Алматы облысының тұрғындары қаладағы жұмысына бара ала ма? 

Ержан Бабақұмаров "Сұңқар" тұрғын үй кешенімен бірге тағы үш көп қабатты үйдің карантинге жабылғанын растады.

"Олар Достық, 42; Достық, 42а; Қабанбай батыр, 68 мекенжайында орналасқан. Барлық аула қоршалып, төрт бақылау-өткізу пункті орнатылды", - деді Бабақұмаров.

Сондай-ақ, жұқтыру ошақтары мен олардың нақты саны туралы ақпаратты кейінірек жіберетінін айтты.

Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 16 наурызда елімізде төтенше жағдай жарияланды.

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирусқа байланысты отыз күндік карантин енгізілді. 22 наурызға дейін қалаға әуе және теміржол арқылы ғана кіруге және шығуға болады. Ал мейрам күні сағат 00:00-ден бастап барлық қатынас тоқтатылады. Екі қалаға көлік те, ұшақ та, пойыз да кірмейді.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 44 адамға жетті, Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам тіркелді.

Жаңалықтар
0