АЛМАТЫ, 18 наурыз– Sputnik. Қазақстанның ең үздік семсерлесушілерінің бірі 19 жастағы Тамила Муридова әріптесінің зорлағанын айтты, деп хабарлады Еуразия бірінші арнасы.
Спортшы жігітпен 16 жасында танысып, ғашық болған. Оның айтуынша, өзінен 7 жас үлкен ер адам оны зорлап, ұрып-соққан.
"Үсті-басым көгеріп тұрды, тістерім сынды. Соңғы рет 24 ақпанда мұрнымнан ұрды. Содан қатты қан кетіп, ісіп кетті", - деді зардап шеккен спортшы.
Полиция зардап шегушінің арызын қабылдап, "Зорлау" бабы бойынша іс қозғады.
"Іс бойынша барлық алғашқы тергеу шарасы мен сараптамалар жүргізілді. Қорытындысы әзірге дайын емес. Сараптама нәтижесі бойынша істі әрі қарай жүргізу туралы шешім қабылданады", - деп түсіндірді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазір күдікті бостандықта жүр. Егер сараптама барысында оның кінәлі екені дәлелденсе, ол қамауға алынады.
Танымал спортшы бірнеше жыл қатарынан сүйіктісін зорлап келген: әйел бәрін жайып салды
Бұл жағдайға байланысты семсерлесу федерациясы түсініктеме беруден бас тартты. Құрама жаттықтырушысы Муридованың жігітпен қарым-қатынасы жайлы білгенін, алайда оған әсер ете алмағанын айтты.
Тамила Муридова – семсерлесуден халықаралық деңгейдегі спорт шебері, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының қатысушысы.