АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. Алматыда азық-түлік базарлары мен әмбебап базардағы азық-түлік қатарлары жұмысын жалғастырады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қалада қазір 52 базар тіркелген, оның ішінде алты базар штат режимінде жұмыс істейді. Олар – "Жұлдыз","Барыс-4", "Берекем, "Қарасу", "Саудакент", "Ақ-Бұлақ" базары.
Оқи отырыңыз: Назарбаев өз қорынан 200 млн теңге бөлді
Сондай-ақ, қалада 17 әмбебап базар жұмыс істеп тұр. Ол жерлерде азық-түлік қатарынан басқасы жабылады. Олар "Тастақ", "Кәрім", "Ақсай-3", "Арыстан", "Сарыарқа", "Орбита", "Айнабұлақ", "Сәлем", "Верненский", "Көк базар", "Таусамалы", "Барлық", "Мехриниса", "Түрксіб","Керуен", "Алматы-1", "Жетісу-Семиречье" базары.
"Қалада 29 базар карантинге жабылды. "Арлан", "Кенжехан", "Қазына", "Өжет", "Үш-Қоңыр", "Ақбұлақ", "Алатау", "Еуразия", "Саяхат", "Азия", "Сауран", "Жібек-Жолы", "Тұлпар", "Тигрохауд", "Алатау-1" , "Дәстүр", "Олжа", "Юпитер", "Байсат", "Рахат КЗ", "Ялан-2", "Батыр", "Рахат", "Барыс", "Нұрсат","Ақ-бұлақ", "Бахар", "Үміт", "Алтай" секілді азық-түлік сатылмайтын базарлар карантинге жабылды", - делінген ақпаратта.
Алматыдағы 24 сауда және ойын-сауық орталығы, 38 сауда орталығы, 58 сауда үйі жұмысын тоқтатты. Олардың аумағында орналасқан дәріхана, азық-түлік дүкендері жұмысын жалғастырады.
Қала бойынша 3 378 азық-түлік дүкені жұмыс істеп тұр. Азық-түлік сатпайтын 2 263 дүкен карантинге жабылды.
Коронавирус эпидемиясы
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 35 адамға жетті. 18 адам Нұр-Сұлтанда тіркелді, Алматы қаласында – 17 адам.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол 15 сәуірге дейін жалғасады.
19 наурыз 00.00-ден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылады. Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуына жол бермес үшін осындай шешім шығарды.
Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының айналасында көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блок-посттар орнатады. Нұр-Сұлтан мен Алматыға осы қалаларда тіркелген азаматтар ғана кіре алады.