НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз— Sputnik. Президент кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желіде мемлекет басшысының отставкасына қатысты қауесет туралы пікірін айтты.
"Қазір мемлекет ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Президент әкімшілігі, үкімет пен әкімдіктер - үлкен штаб. Адамдар жұмысында қонады деп айтуға болады. Сондықтан жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамын. Өздеріңізді де, бізді де түрлі сыбыстарға байланысты жұмыстан бөлмеңіз", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Бұған дейін журналист Гүлнар Бәжкенова өзіне "президент отставкаға кететіні" туралы хабар жеткенін жазған болатын.
Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 20 наурызында Қазақстан президенті қызметіне кірісті. 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқан болатын.