НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістері мен жалпыға ортақ пайдалану орындары дезинфекцияланып жатыр. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында елорда әкімі Алтай Көлгінов осындай тапсырма берді.

Көп қабатты үйлерде зарарсыздандыру жұмыстары басталды
© Photo : Официальный сайт акимата Нур-Султана
Енді күн сайын кіреберістер, есіктер, лифтілер, сүйеніштер, терезе жақтаулары дезинфекцияланады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
"Қаланың әлеуметтік нысандарында, әуежайда, вокзалдарда, базарларда, сауда үйлерінде, сауда ойын-сауық және адамдар көп жиналатын орындарда санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар автобустар мен коммуналдық қызметтердің машиналары да дезинфекциядан өтеді. Елордада коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша шаралар қабылданды: жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Коронавирус инфекциясы анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмі әзірленді.
