Қоғам

"Бізге жұмыртқа лақтырады": Испаниядағы қазақстандықтардың мәселесі қалай шешіледі

CC BY 2.0 / Juanedc / Costa VascaConcha Beach в Сан-Себастьяне, Испания
Concha Beach в Сан-Себастьяне, Испания  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Студенттер Еуропа, соның ішінде Испанияға ұшатын рейстердің азайғанына алаңдап отыр. Олар тұратын жері жоқ екенін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз — Sputnik. Академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Испанияға барған қазақстандық студенттер әлеуметтік желі арқылы құзырлы министрліктерден көмек сұрады. Олар Испанияда жергілікті тұрғындар нәсілшілдік танытып жатқанын айтқан. 

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің 2-курс студенті академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша жарты жылға Сьюдад-Реаль қаласына барған. Ол жерде қаңтардан маусым айына дейін оқуы тиіс еді. 

Коронавирус өрши бастағанда азиялықтар қысым көрген. 

"Біз Испанияда ұлтшылдық пен нәсілшілдікке тап болдық. Дүкенде нан да сатпайды. Бізге саусағын шұқып: "Сендер азиатсыңдар, коронавирус!" ,- дейді. Ересектер бізге жұмыртқа лақтырады. Балалар неше түрлі әрекет жасап, мазақ қылады. Бастапқыда дүкенге шығуға қорықтық, қазір тіпті ұйықтауға қорқамыз", - деп жазды студент қыз. 

Студенттер Еуропа, яғни Испанияға ұшатын рейстердің азайғанына алаңдап отыр. 

"Тұратын жеріміз жоқ. Үйдің иесі карантин болғандықтан, үйден шыға алмайтынын айтты. Сондықтан айдың соңына дейін ғана тұра аламыз. Азиялықтарды қалада ешкім көргісі келмейді. Өміріміз үшін қорқып отырмыз", - дейді қазақстандық.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақ Қарағандыға қонды – жолаушылар карантинге алынды

Қыздың әлеуметтік желідегі жазбасына білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов пікір жазған. Ол студенттерге  Испаниядан оралу керек екені бұған дейін айтылмады деген ақпаратты жоққа шығарды. 

"Қайырлы күн, сіздерге 2 наурыз күні елге оралу ұсынылды. Сіздер бас тарттыңыздар", - деді Дәуленов.

Сондай-ақ, вице-министр университеттің өтініші бойынша студенттерге 19 наурыз күніне билет алғанын жеткізді. 

"Сағат 11.20 -да Мадрид-Мәскеу-Алматы. Жолға шығуға дайын болуларыңызды өтінемін", - деді вице-министр. 

Испаниядағы коронавирус

Эпидемия басталғалы Испанияда 11 826 адам коронавирус жұқтырды. 533 адам көз жұмды, 1 028 адам айықты.

Жаңалықтар
0