Экономика

"Бұған жол бермейміз": министр Сұлтанов кәсіпкерлерге ескерту жасады

© Sputnik / Абзал КалиевАким столицы Бахыт Султанов на Астанинском экономическом форуме
Аким столицы Бахыт Султанов на Астанинском экономическом форуме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бақыт Сұлтанов коронавирусқа қатысты қалыптасқан жағдайда халықтың есебінен пайда көруге жол берілмейтінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов кәсіпкерлерге төтенше жағдай кезінде азық-түліктің шекті бағасын енгізе алатынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, барлық жерде азық-түліктің бағасы бақылауға алынады. Осы жұмыспен министрліктің тиісті құрылымдары мен әкімдіктер айналысады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдары да атсалысады. Негізгі мақсат – кәсіпкерлердің өзара келісу арқылы азық-түлік бағасын көтеруіне жол бермеу. 

"Сондықтан кәсіпкерлерді ескертейін деп отырмын, бағаны негізсіз көтеру жағдайлары болса, оны өткен аптаның басындағы бағаларға дейін түсіру керек. Осыны жасамасаңыз, барлық тиісті шаралар қолға алынады. Соның ішінде шекті бағаны орнату да бар. Президенттің жарлығы бойынша үкіметке ондай құзірет берілген. Әрине, бұл - нарықтық емес шара. Дегенмен, оның нәтижесі болады. Қазіргі жағдайда халықтың есебінен пайда көруге жол бермейміз", - деді Сұлтанов үкіметте өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде азық-түлік тапшылығы жоқ. Әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізу жағынан да қиындық болмайды. 

"Сондықтан азық-түлікті артығымен алып, дүрлігудің қажеті жоқ", - деп атап көрсетті Сұлтанов.

Тағы оқыңыз: Коронавирус салдарынан жұмыссыз қалған адамдарға не істеу керек

Жаңалықтар
0