Қоғам

Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневАномальные снегопады в Нур-Султане
Аномальные снегопады в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы күндері Қазақстанның өңірлерінде жел күшейеді деп болжануда. Синоптиктер төрт облыста дабылды ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Дүйсенбіде республика астанасында кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

16 наурыз күні күндіз Маңғыстау облысында солтүстік, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.  

Ақмола облысында тұман түседі. Түнде оңтүстік-батыстан  секундына 15-20 метр жылдамдықпен соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады.

Жиырма градус ыстық: дүйсенбі күні ауа райы қандай болады

Көкшетауда оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысып, түнде екпіні секундына 15 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда. Түнде оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.  

Петропавлда 16 наурызға қараған түні оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Қостанай облысында – тұман, көктайғақ.

Бұған дейін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр және жабысқақ қар жауатыны хабарланған болатын. Синоптиктердің болжамына сәйкес, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел тұрып, тұман түседі, көктайғақ болады деп болжануда.

Жаңалықтар
0