Өңірлер

Шымкентте Өзбекстанның төрт азаматы көз жұмды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуСкорая помощь
Скорая помощь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұмысшылар тұратын контейнерді жылыту кезінде қауіпсіздік ережесінің сақталмауы кісі өліміне себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Шымкент қаласының индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын аумағында тұншықтырғыш газға улану салдарынан төрт адам қайтыс болып, біреуі ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Жедел жәрдем станциясына Қапал батыр көшесінде орналасқан кәсіпорын қызметкерлерінен қоңырау түскен. Тұрғын үй ретінде пайдаланылған контейнерден бес адамның ес-түссіз күйде табылғанын хабарлаған. Оның айтуынша, азаматтардың барлығы да тұншықтырғыш газға уланған.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер реанимациялық шаралар жүргізген. Алайда, уланған бес адамның біреуін ғана аман алып қалған. Қазір ол гипербарикалық оксигенация орталығында емделуде.

Алдын ала болжам бойынша, көрші елден келіп кәсіпорында тазалаушы болып жұмыс істейтін азаматтар өздері тұратын контейнерді жылыту үшін пеш қолданған. Олар пешті кәдімгі қоқыс жәшігінің темірінен жасап алған.

Тағы оқыңыз: Талғарда төрт бала иіс тиіп уланды

Қазіргі кезде оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. 

Жаңалықтар
0