Қоғам

Ресейдің Қазақстандағы елшілігі азаматтарды қабылдауды тоқтатты

© Sputnik / Айгюзель Кадир Флаги Казахстана и России на XVI форуме межрегионального сотрудничества
  Флаги Казахстана и России на XVI форуме межрегионального сотрудничества - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шұғыл жағдайларда хабарласу үшін кезекші дипломаттармен телефон байланысы жұмыс істейді. Консулдық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Елшіліктің консулдық бөлімі келушілердің қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алмауына байланысты шұғыл жағдайларды қоспағанда, азаматтарды консулдық мәселелер бойынша жеке қабылдауды тоқтата тұрады, деп хабарлайды Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметі.

 Шешім коронавирус инфекциясының таралуына және Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 16 наурызынан 15 сәуіріне дейін төтенше жағдай жариялануына байланысты қабылданды.

"Қабылдауға жазылу жабық екенін хабарлаймыз. Консулдық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау жүргізілмейді", - деп ескертті дипломатиялық миссия.

Шұғыл жағдайларда (өмірге қауіп төндіретін, гуманитарлық жағдайлар) кезекші дипломатқа хабарласу үшін 8 (708) 880-05-31 телефонын пайдалануға болады.

Елшіліктің консулдық бөлімінің жұмысы штаттық режимде қалпына келтірілгеннен кейін бұған дейін қабылдауға жазылған азаматтар басым түрде қабылданады.

Консулдық мәселелер бойынша консультацияларды елшіліктің консулдық бөлімінің сайтында көрсетілген кез келген телефон арқылы сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, 15.30-дан 18.00-ге дейін алуға болады.

"Құрметті отандастар, қарым-қатынасты шектеп, жергілікті билік органдарының коронавирус инфекциясымен күресу жөніндегі нұсқауларын орындауды сұраймыз", - деп үндеу жасады елшілік азаматтарға.  

Жаңалықтар
0