Қоғам

Министрлік коронавирусқа байланысты енгізілген шектеуді түсіндірді

© Sputnik / Тимур БатыршинОбработка от коронавируса Алматы
Обработка от коронавируса Алматы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қатысты төтенше жағдай жариялаған болатын. Оған сәйкес елге келетін шет мемлекет азаматтарына бірқатар шектеу қойылады

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз - Sputnik. Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады.

"Шектеу - бұл тыйым салу емес. Шет елдерде жүрген біздің отандастарымыз Қазақстанға кіре алады. Бұл шектеулер негізінен шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты қолданылады", - деді ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қатысты төтенше жағдай жариялаған болатын. Оған сәйкес елде 16 наурыз 08:00-ден бастап 15 сәуір 07:00-ге дейін төтенше жағдай режимі болады.

Төтенше жағдай кезіндегі шектеудің бірі - Қазақстан және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналын, сондай-ақ сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстанға келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіріп-шығуын шектеу. 

Тағы оқыңыз: Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

Қазір 1425 адам стационарлық карантинде жатыр, ал 496 адам үйде карантинге алынған.

 

Жаңалықтар
0