Қоғам

СІМ Испания мен Италияда жүрген қазақстандықтарға кеңес берді

© REUTERS / Remo CasilliБезлюдная Испанская лестница в Риме
Безлюдная Испанская лестница в Риме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Испанияда жүрген қазақстандықтарға Мадридке бармаған жөн, ал Италиядағы азаматтарға "Аэрофлот" ресейлік әуе компаниясының рейсімен елге қайту ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз - Sputnik. Сыртқы істер министрлігі коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп жатқан Испания мен Италиядағы қазақстандықтарға кеңес берді.

Испанияда ауру жұқтырғандардың саны 5 700 адамнан асты. Олардың үш мыңнан астамы Мадридте тіркелгендіктен, министрлік бұл қалаға бармау қажеттігін ескертті.

"Түрік және Ресей авиакомпаниялары рейстерін тоқтатуына байланысты Қазақстан азаматтарына басқа қала немесе жақын елдер арқылы балама жолдар іздеу ұсынылады (ауру жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан. Мадридтен ұшып шықпаған дұрыс). Испаниядағы Қазақстан азаматтарынан елшіліктің консулдық бөліміне (visado@kazesp.org, +34917216290) проблемалық жағдай мен Қазақстанға шығатыныңызды хабарлауды сұраймыз", - делінген министрліктің хабарламасында.

Испанияда коронавирустың таралуына, жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстанның Мадридтегі елшілігінің консулдық бөлімі және Барселонадағы консулдығы Қазақстан азаматтарымен үнемі байланыста, деп сендірді министрлік.

Италиядағы қазақстандықтарға не істеу керек

Ал Қазақстанның Италиядағы елшілігі қазіргі уақытта коронавирус эпидемиясының салдарынан осы елдегі төтенше жағдайға байланысты Италия мен әлемнің басқа елдері арасындағы әуе қатынасы уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.

"Осыған байланысты, қазіргі уақытта ресейлік "Аэрофлот" әуе компаниясы Мәскеу қаласында қайта отырғызу арқылы Римнен Қазақстанға жолаушылар рейстерін жүзеге асырып жатқандығын назарларыңызға саламыз. Сонымен бірге, үстіміздегі жылғы 11 наурыздан бастап "Аэрофлот" компаниясы Италияның қалаларына ұшу бағдарламасын өзгертіп жатқандығын хабарлаймыз.  Ақпаратты компанияның ресми сайтынан тексеріп тұруларыңызды сұраймыз", - деп хабарлады министрлік.

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде 6 адам коронавирус жұқтырды: Алматы қаласында – 4, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам. Стационарлық карантинде 1 425, үй карантинінде 496 адам жатыр.

Жаңалықтар
0