Қоғам

Алматылық дәрігерлер коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы ақпарат берді

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуЛаборатория иммуноферментных исследований, где проходит исследование крови на инфекции, архивное фото
Лаборатория иммуноферментных исследований, где проходит исследование крови на инфекции, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдар үшін 1600-ден астам орынға арналған жеті медициналық ұйым жұмыс істеп жатыр

АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Алматыда коронавирус жұқтырған төрт адамның жағдайы бірқалыпты, екі науқастың жағдайы орташа. Барлығы бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"15 наурызда тағы екі адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бірі 1958 жылы туған әйел, бұған дейін ауру жұқтырған ер адамның жұбайы. Ол Мәскеуден Алматыға келген. Екінші науқас 1995 жылы туған ер адам 13 наурызда Сеул-Алматы рейсімен келді. Ол барлық жолаушы секілді он төрт күндік провизорлық карантинге жатқызылды. Екеуінің жағдайы орташа, төрт науқастың жағдайы бірқалыпты. Дер кезінде емдеу басталды", - деді Әбілдаев.

Сондай-ақ, қала бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдар үшін 1600-ден астам орынға арналған 7 провизорлық медициналық ұйым жұмыс істеп жатыр. Оқшаулау үшін 7 нысанда 3 мыңнан астам орын ашу жұмыстары басталды.

"Алматыда 1"А" санаты бойынша карантинде көпбейінді стационарларда 704 адам бар. Нөмірі бірінші көпбейінді стационарда – 259 адам, нөмірі екінші стационарда – 168 адам және үшінші стационарда 277 адам карантинде жатыр", - деді Әбілдаев.

Сонымен қатар ақпаннан бастап жедел респираторлық вирустық инфекция мен тұмау диагнозымен емдеуге жатқызылған сексен адам ауруханадан шықты.

Тағы оқыңыз: Тоқаев телеарна арқылы үндеу жасайды

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Сеул-Алматы рейсімен ұшып келген 1995 жылы туған қазақстандықтан коронавирус табылғанын хабарлады. Ұшақта барлығы 130 жолаушы болған.

Қазақстанда жалпы коронавирус жұқтырғандар саны 8 адамға жетті. Оның алтауы – Алматыда, екеуі –  Нұр-Сұлтанда тіркелген.

Тағы бір қазақстандық Германияда емделіп жатыр.

Жаңалықтар
0