Қоғам

Коронавирус індеті: Нұр-Сұлтандағы екінші науқастың жағдайы белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана
Виды Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәуле Қисықова науқас 10 наурыз күні ұшып келгенін, қазір бір орынды палатада жатқанын хабарлады. Жағдайы жақсы

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырғаны бүгін анықталған науқастың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Иә, қазір ғана анықталды. Әйел адам провизорлық стационарда жатыр. Негізі оны 12 наурызда жатқызған. Қауіпті санатқа кіретін елдерде болған. Өзі Польшаның Варшава қаласынан келсе де, Германияда болдым деді. Сол себепті біз оны бірден стационарға жатқызған болатынбыз ", - деді Қисықова астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, науқас 10 наурыз күні ұшып келген, бір орынды палатада жатыр. Жағдайы жақсы.

"Онымен бірге ұшақта 86 адам болған. Қазіргі кезде барлық азаматты анықтап, байланыс орнату шаралары атқарылып жатыр", - деп атап көрсетті Қисықова.

Оқи отырыңыз: Білім министрлігі балаларды балабақшаға алып бармауды ұсынды  

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 6 адамға жетті.

Бүгін денсаулық сақтау министрлігі екі адамнан коронавирус табылғанын мәлімдеді. Ал кеше денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екі қазақстандықтан коронавирус табылғанын жариялаған болатын. Олардың біреуі Қазақстанға 9 наурызда, ал екіншісі 12 наурызда түнде ұшып келген. Артынша Нұр-Сұлтанда коронавирустың алғашқы дерегі тіркелді. Науқас Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға 12 наурызда келген. Кешке қарай төртінші адамнан коронавирус табылды. 76 жастағы азамат Германиядан Алматыға ұшып келген.

Жаңалықтар
0