Қоғам

Коронавирус жұқтырған қазақстандықпен бірге ұшып келген блогер жазба жариялады

© SputnikМедики в аэропорту Нур-Султана
Медики в аэропорту Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аида Ким жұқпалы аурулар ауруханасына келгеннен кейін "адамдар бір-біріне жұқтыруы мүмкін бе, ауырған науқас қайда жатыр" деген сұрақтар туындағанын атап өтті  

НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Германиядан коронавирус жұқтырған қазақстандық жолаушымен бірге ұшып келген алматылық танымал фэшн-блогер Аида Ким карантин туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біздің рейспен коронавирус жұқтырған адам ұшып келіпті. Бүгін таңертең қоңырау шалып, ауруханаға жатуға дайындалу керектігін айтты. Заттарымды жинап, күтіп отырдым. Жедел жәрдем келіп, дене қызуымды өлшеп, жұқпалы аурулар ауруханасына алып кетті. Күйеуім екеумізді әртүрлі палаталарға орналастырды. Әр бөлмеде 6 адам бар. Сағат 20.00-де кешкі ас әкелді, әрине, оны ешкім жемеді", - деп жазды Аида Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aida Kim (@aidakim_57)

Оларды палатаға орналастырғаннан кейін әрқайсысына қызуөлшегіш беріп, үш сағат сайын дене қызуын өлшеп, арнайы бланкіге жазып отыруды тапсырыпты.

Блогер ақпараттың жоқтығынан барлығы аздап абдырап қалғанын жасырмады.  

"Дәрігер келіп, одан әрі не болатынын түсіндіруге болатын еді ғой. Әзірге тексерістен ғана өттік, әр минут сайын еститініміз: Тайландтан келген рейс, Сингапурдан келген рейс", - деп жазды ол.

Кейінірек Аида Ким олардан анализ алғанын хабарлады.

"Мұрын мен жұтқыншақтан жағынды (мазок) алды, тамырдан қан алды. Нәтижесін 4-5 күн күту керек екен", - деп хабарлады ол.

Ол жұқпалы аурулар ауруханасына келгеннен кейін "бұл жерде қанша уақыт боламыз, адамдар бір-біріне жұқтыруы мүмкін бе, ауырған науқас қайда жатыр, ол шынымен бізбен бір ұшақта болды ма" деген сұрақтар туындағанын айтады.  

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрі коронавирустан қалай емделуге болатынын айтты 

Сонымен бірге ол дәрігерлер пациенттерге өте жақсы қарағанын атап өтті.

"Аурухананың қызметкерлері өте сыпайы, өте мейірімді! Бірақ, өкінішке қарай, олар ештеңе білмейді! Бәріне бір жауап: "жаңалық күтіп отырмыз", "жоғары басшылықтан білеміз", "біз білмейміз, СЭС біледі". Білместік адамдарды дұрыс ойдан жаңылыстыруы мүмкін", - деп жазды Аида.

Осыған байланысты блогер билікке үндеу жасап, дәрігерлерге ақпарат беруді, барынша ашық болуды сұрады.    

Жаңалықтар
0