Спорт

Алматыда мемлекеттік спорт ұйымдарында оқу-жаттығу жұмысы тоқтатылды

© РИА Новости / Медиабанкке өтуШкольный спортзал. Архивное фото
Школьный спортзал. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сонымен қатар спортшылардың Қазақстаннан тыс жерге шығуына шектеу қойылды, мегаполис аумағында халықаралық спорттық шаралар да тоқтатылды

АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Коронавирусқа байланысты Алматы қаласындағы мемлекеттік спорт ұйымдарында оқу-жаттығу процесі тоқтатылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматыда 14 коммуналдық спорт нысаны бар, оның 9-ы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі. Ал қала бойынша спорт үйірмесіне баратындар саны – 12 мың адам.

"ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 13 наурыздан бастап Алматы қаласының барлық мемлекеттік спорт мектебінде оқу-жаттығу процесі тоқтатылды", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар жергілікті және республикалық бюджет ақшасынан қаржыландырылатын спорт кәсіпорындарындағы оқу-жаттығулары, физикалық-сауықтыру қызметтерін ұсыну және спорт саласындағы әлеуметтік жобаларды іске асыруға да шектеу қойылды.

Барлық спорт түрі бойынша қалалық құрама командаларының мүшелері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына шектеу қойылды және мегаполис аумағында халықаралық спорттық шаралар да тоқтатылды.

Коронавирус індеті

Айта кетсек, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны төртке жетті. Олардың үшеуінің жағдайы қалыпты, біреуінің хәлі орташа деп бағаланып отыр. Жалпы, Алматыда 606 адам карантинде жатыр. 

Жалпы, қазіргі уақытта Қазақстанда дертке шалдыққан алты адам анықталды. Екеуі Нұр-Сұлтанда ауруханада емделуде. Олардың барлығы шетелден ұшақпен ұшып келген. Төртеуі Германиядан, біреуі Италиядан, тағы бір әйел Варшавадан, бірақ оның да Германияда болғаны хабарланды. 

Жаңалықтар
0