НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Қазақстанда төртінші адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
"Германиядан ұшып келген 76 жастағы Қазақстан азаматынан коронавирус табылды. Ол ауруханаға жеткізілді, емделіп жатыр", - деді Ахметшәріп "Қазақстан" телеарнасындағы "Ашық алаң" бағдарламасында.
Бұған дейін Алматыда екі адам коронавирус жұқтырғаны анықталған болатын – олар Германиядан ұшып келген, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда Миланнан келген әйелден қауіпті инфекция табылды.
Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрі коронавирустан қалай емделуге болатынын айтты
Диас Ахметшәріп ерлі-зайыпты Мәскеу арқылы ұшып келгенін, әйелден коронавирус анықталғанын айтты.
Коронавирус табылған алғашқы науқас 9 наурызда, екінші және үшіншісі (Миланнан келген әйел) 12 наурызда келген.