Қоғам

Мүфтият жұма намазына қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуВерующий перед намазом
Верующий перед намазом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгіннен бастап Қазақстанда көпшілік шараларға, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелерге тыйым салынып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирустың жамағат арасында таралуының алдын алу шарасы ретінде жұма намазына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады басқарманың ресми сайты.

Діни басқарманың мәлімдемесі бірнеше шарттан тұрады. Олар:

  • Жұма намазынан бұрын айтылатын 30 минуттық уағыз 20.03.2020 жылдан бастап уақытша тоқтатылады;
  • Намаз уақыты кіре сала азан айтылады, 4 ракағат сүннет өтеліп, жұма намазының 2 ракағат парызы қысқа сүремен оқылады;
  • Жұма намазының парызынан кейін оқылатын 4 рәкағат сүннетті үйде оқуға кеңес береміз;
  • Намаздан кейін тәсбих тартылмайды, Құран оқылмайды, имам қысқа дұға жасайды;
  • Намаздан кейін жамағат қол беріп "Жұма қабыл болсын" деп амандаспайды;
  • Мешітке бетперде (маска) киіп келу;
  • Намаздан кейін көп кідірмей мешіттен шығу;
  • Жұма намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
  • Жұма намазға денсаулығы жарамайтын қариялар, науқастар мен әйелдердің қатыспағаны абзал;
  • Ауа-райы қолайлы аймақтарда жұма намазын мешіт ауласында оқуға рұқсат.
  • "Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Бұл мәлімдеме ағымдағы жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енеді", - делінген ресми хабарламада.

Тоқаевтың тапсырмасы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирустың пандемияға айналғанын мәлімдеді. Себебі ауру әлемдік ауқымда таралып кетті. Осыған байланысты кеше, 12 наррыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы қоғамдық шаралардың уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді. Ал коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қосымша шараларды әзірледі.

© SputnikКоронавирусқа байланысты қолданылатын шаралар
Мүфтият жұма намазына қатысты мәлімдеме жасады - Sputnik Қазақстан
Коронавирусқа байланысты қолданылатын шаралар
Уақытша шектеу шараларының нақты мерзімі жоқ. Оны эпидемиологиялық жағдай жақсарғанда алып тастайды.

Жаңалықтар
0